Ақбас тырна

ғылыми атауы:
Anthropoides virgo
тұқымдасы:
Тырнатектестер
ҚР Қызыл кітабына енген бе:
Иә

Саны: Қазақстанда ақбас тырнаның жалпы саны 50-60 мың дарақ шамасында (Ковшарь, 2010). Орталық Қазақстанда 25 мың дарақ мекендейді (Белялов,2013), ал Қостанай облысында 3,7–3,8 мың жұп бар деп есептеледі (Брагин, 2011).

 Санаты. V санат. Саны қалпына келіп жатқан түр

Таралуы. Еуразияның оңтүстігіндегі далалар мен шөлейттерде, Солтүстік Африкада таралған. ХХ ғасырдың 60-80-ші жылдары таралу аумағы тарылып, үзік-үзік болып қалды. Бірақ ғасыр аяғына қарай өз аумағын оңтүстік пен солтүстікке бірдей кеңейтті. Қысты Африкада, Месопотамияда, Үндістанда өткізеді. Қазақстанның даласы мен шөлейтті жерлеріне, шөлдеріне және оңтүстік-шығыс таулы аймақтарына тереңдей еніп, қоныстанады.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)