Көкқұс

ғылыми атауы:
Myophonus caeruleus
тұқымдасы:
Сайрақтектестер
ҚР Қызыл кітабына енген бе:
Иә

Саны: Ақсу-Жабағылы қорығында шамамен 50-70 жұп, Сайрам, Өгем жоталарында-1-7 жұп. Іле Алатауында 6 жұпқа дейін, ал Алматы қорығында 22-24 жұпқа дейін ұя салады. Алматыда жеке жұптар кездеседі. Әлемдік саны 220 мың жұпқа жуық деп болжанады.

Санаты. V санат. Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төніп тұрған түр.  

Таралуы. Қазақстанда Тянь-Шань жоталарында батыста Талас, Өгем және Қаржантаудан бастап, шығысында Іле және Күнгей Алатауына дейінгі белдеуде шашыраңқы тараған. Қыста оңтүстікке қоныс аударып, Қазақстанның шегінде  кездейсоқ кездесуі мүмкін болатын. Бірақ соңғы жылдары қыста Алматы қаласының төңірегінде жиі кездесе бастады.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)