Мұртты шымшық

ғылыми атауы:
Panurus biarmicus
тұқымдасы:
Шымшықтектестер
ҚР Қызыл кітабына енген бе:
Жоқ

Саны: Қазақстандағы саны туралы деректер жоқ. Әлемдегі популяциясы шамамен 3-5,8 миллион ересек дарақтан тұрады деп болжанады. Бұл дерек нақтылауды қажет етеді.


Санаты.  
Шаруашылық мақсатқа пайдаланылмайтын, бірақ экологиялық, мәдени маңызы бар түр.


Таралуы.
 Еділ-Жайық өзендерінің аралығы мен Маңғыстаудың жағалау аралдарынан шығысқа қарай Зайсан мен Алакөл бассейндеріне, Іле өзенінің ортаңғы ағысы мен Билікөл көліне дейінгі барлық жерде дерлік ұя салады. Далалы аймақта сирек кездеседі. Мекен ету аумағының солтүстік шегі Шалқар көлі ,Ырғыздың жоғарғы ағысы, Науырзым, Бурабай маңы, Теңіз көлімен шектеседі. Қыста далалы жерден шөлді аймаққа көшеді. Ұшып өтетін үйірлері кейде  Батыс Тянь-Шань тау бөктеріндегі Шоқпақ асуында кездеседі.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)

Басқаларын да қарап көріңіз