Әупілдек (үлкен көлбұқа)

ғылыми атауы:
Botaurus stellaris
тұқымдасы:
Құтантектестер
ҚР Қызыл кітабына енген бе:
Жоқ

Саны: Саны бойынша нақты деректер жоқ. Әлемдегі саны шамамен 115-340 мың дарақ деп есептеледі.


Мәртебесі. Шаруашылық (аңшылық пен балықшылықтан басқа) мақсатқа пайдаланылатын түр.


Таралуы.  Қазақстанның жазық далаларындағы көлдер мен суқоймаларында көптеп ұя салады. Жыл құсы. Қыстап қалуы сирек. Ұшып өту кезінде жазық жерлерде, өте сирек жағдайда Марқакөл секілді таулы жердегі көлдерде және Батыс Тянь-Шань тау бөктерінде кездеседі.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)