Саны: Бұрын көптеп кездескен түр болған, бірақ ХХ ғасырдың ортасында саны күрт азайды. Қазақстанда шамамен 100 жұп ұя салады; қыстауда 1-2 мың құс кездеседі, Жаһандық ауқымда түрдің жалпы саны шамамен 29,6-33 мың ересек дарақ деп болжанады.
Санаты. I санат. Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төніп тұрған түр.
Таралуы. Солтүстік-Батыс Африка мен Еуразия далаларында таралған. Қазақстанның далалы-орманды жазық өңірлерін мекендейді. Тың жерлерді игеру кезінде дуадақ негізгі мекендерінен ығыстырылды. Бір кездері тұтасып жатқан мекені қазіргі таңда жекелеген аумақтарға бөлшектеліп қалған.