Сақалтай

ғылыми атауы:
Gypaetus barbatus
тұқымдасы:
Қаршығатектестер
ҚР Қызыл кітабына енген бе:
Иә

Саны: Сақалтайдың (Gypaetus barbatus) әлемдік популяциясы шамамен 1675-6700 ересек дарақ төңірегінде және бұл сан қысқарып жатыр деп болжанады. Қазақстандағы нақты саны белгісіз, бірақ тұрақты деп есептеледі.

 

Санаты. III санат. Сирек түр. Саны көп емес, бірақ тұрақты.

Таралуы. Қазақстанның оңтүстікте Талас Алатауынан солтүстігінде Жоңғар Алатау мен Сауырға дейінгі оңтүстік-шығыс таулы қыраттарын мекендейді. Сондай-ақ Оңтүстік Алтай жоталарында, Бұқтырманың оң жағалауында, Орталық Алтаймен шекарада кездеседі.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)

Басқаларын да қарап көріңіз