Гималай ұлары

ғылыми атауы:
Tetraogallus himalayensis
тұқымдасы:
Қырғауылтектестер
ҚР Қызыл кітабына енген бе:
Жоқ

Саны: Соңғы онжылдықтарда Қазақстандағы Гималай ұларының саны көптеген факторларға, соның ішінде климат өзгерісі мен антропогендік әсерлерге байланысты құбылмалы болып тұр.   Ақсу-Жабағылыдағы тығыздықтың 1970 жылдардағы 8,5 дарақтан 2000 жылдары 3,9-ға дейін төмендеуі байқалды.


Санаты.  
Шаруашылық мақсатқа пайдаланылмайтын,бірақ экологиялық, мәдени маңызы бар түр.


Таралуы.  
Қазақстанның оңтүстік-шығыс және шығыс аймағындағы биік таулы жерлерде тіршілік етеді. Тянь-Шань тауларынан Оңтүстік Алтайдың шетіне дейінгі альпілік беткейлер мен субальпілік шалғындардың жоғарғы белдеуінде, Жетісу Алатауында 900-1500 м және Іле Алатауында 2500-3300 м биіктікте мекендейді. Көшпелі емес, орныққан аумағында тіршілік ететін құс.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)