Бақылдақ құтан

ғылыми атауы:
Nycticorax nycticorax
тұқымдасы:
Құтантектестер
ҚР Қызыл кітабына енген бе:
Жоқ

Саны: Қазақстандағы нақты саны туарлы деректер жоқ. Әлемдегі саны шамамен 570 мың мен 3,7 миллион дарақ аралығында деп болжанады. Еуропадағы популяциясы шамамен 60-86 мың жұп төңірегінде.

Санаты.  Өзге шаруашылық (аңшылық пен балықшылықтан басқа) мақсатқа пайдаланылатын түр.

Таралуы.  Қазақстанның оңтүстігінен солтүстігіне қарай – Каспийдің солтүстік-шығыс жағалауына дейінгі аумақта, Жайықтың төменгі ағысында, Торғайдың төменгі алабында, Қорғалжында (соңғы кездері байқалмады) және Алакөл қазаншұңқырындағы сулардың маңын мекендейді. 1985 жылы Қара Ертіс атырауындағы Зайсан қазаншұңқырында ұя басқаны байқалды. Ұшып өту кезінде шөлдер мен таулы аймақтардан басқа барлық жерде, Батыс Тянь-Шань тау бөктерінде жыл сайын кездеседі.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)