Саны: Қазақстанда түрдің санын толыққанды бағалау жүргізілген жоқ, бірақ қысқарған болуы мүмкін. 2003-2006 жылдары Арал-Каспий өңірінде 1,2-1,5 мың жұп ұя салды. Түрдің әлемдік популяциясының саны 180-500 мың жыныстық жетілген дарақ шамасынде деп есептеледі.
Санаты: II санат. Сирек кездеседі. Жойылып кету қаупі төніп тұр.
Таралуы: Еуразияда кең таралған. Республиканың бүкіл аумағында, соның ішінде шығыс, оңтүстік-шығыс және Орталық Қазақстанның жазықтары мен тауларын, Бетпақдала, Арал маңы, Маңғыстау, Үстірт және Еділ-Жайық өзендерінің аралығында шашыраңқы мекендейді.