Кекілік

ғылыми атауы:
Alectoris chukar
тұқымдасы:
Қырғауылтектестер
ҚР Қызыл кітабына енген бе:
Жоқ

Саны: Қазақстанда нақты саны белгісіз, бірақ кейбір өңірлерде аңшылық пен өзге де факторлардың әсерінен азайып жатқаны байқалады. Қытайда кекіліктердің  ұя басатын жұп саны 10 000-нан 100 000-ға дейінгі шамада екені туралы мәлімет бар. Қазақстанда олардың  тіршілік аумағы әлдеқайда кішірек екенін ескерсек,  популяциясы 5000-нан 50000-ға дейінгі ересек дарақтан тұрады деп шамалауға болады.

Санаты. Отырықшы тіршілік кещетін, кей жерлерде сирек кездесетін құс.

Таралуы.  Қазақстанды қоса алғанда, Орталық Азияның таулы аудандары мен тау бөктерлерін мекен етеді. Маңғыстау, Үстірт, Қызылқұм, сондай-ақ Тянь-Шань және Жетісу Алатауында кездеседі.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)