Қара кезқұйрық

ғылыми атауы:
Milvus migrans
тұқымдасы:
Қаршығатектестер
ҚР Қызыл кітабына енген бе:
Жоқ

Саны: Қазақстанда саны нақты анықталмаған, бірақ шамамен 5-тен 10 мыңға дейін болуы мүмкін. Түр кең таралған және олардың саны жыл мезгілдеріне байланысты өзгереді. Қара кезқұйрықтың әлемдік саны алдын–ала бағалау бойынша 4,1-5,6 миллион ересек дарақты құрайды. Бірақ бұл мәліметтер нақтылауды қажет етеді.


Мәртебесі.  
Шаруашылық мақсатқа пайдаланылмайтын, бірақэкологиялық, мәдени маңызы бар түр.


Таралуы.  
Қара кезқұйрық дала мен шөлді аймақтарды қоспағанда,  Қазақстанның барлық аумағында ұя салады және ұшып өтеді. Ұшып өту кезінде Үлкен Алматы көлі сияқты биік таулы аудандарда да кездеседі.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)