Безгелдек

ғылыми атауы:
Otis tetrax
тұқымдасы:
Дуадақтектестер
ҚР Қызыл кітабына енген бе:
Иә

Саны: Қазақстанда шамамен 20 мың дарағы бар және тұрақты деп есептеледі. Әлемдегі саны шамамен 100-500 мың төңірегінде, төмендеу үрдісі бар.


Санаты.
Сирек кездеседі.  II санат. Жойылып кету қаупі төніп тұр.


Таралуы.
Еуразия даласында ұя салады. Қазақстанның батыс аудандарында салыстырмалы түрде біркелкі таралған, басқа жерлерде арагідік кездеседі. Шөлдер мен шөлейтті аймақтарға дейін өрістеуі мүмкін.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)