Кәдімгі жапалақ

ғылыми атауы:
Strix aluco
тұқымдасы:
Жапалақтектестер
ҚР Қызыл кітабына енген бе:
Жоқ

Саны: Қазақстанда кәдімгі жапалақ саны туралы нақты деректер жоқ. Еуропада саны тұрақты және 535-939 мың жұп төңірегінде деп есептеледі.


Санаты.  
Шаруашылық мақсатқа пайдаланылмайтын,бірақ экологиялық, мәдени маңызы бар түр.


Таралуы.
Батыс Тянь-Шаньда мекендейді, Жайық аңғарында да кездеседі. Жапырақты және аралас ормандарда тіршілікі етеді. Таралу аумағының 80%-ға жуығы Еуропа құрлығында жатыр.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)