Ителгі

ғылыми атауы:
Falco cherrug
тұқымдасы:
Сұңқартектестер
ҚР Қызыл кітабына енген бе:
Иә

Саны: (шамамен) Ителгінің (Falco cherrug) саны әлем бойынша шамамен 6 100-14900 жұп (орта мәні шамамен 10 500 жұп. Қазақстандағы саны 2012 жылы 700–1400 жұпаралығында деп бағаланған (орта мәні 1050 жұп). Саны азайып келеді.

Санаты: I санат. Сирек кездесетін, жойылу қаупі төніп тұрған түр.  Соңғы жылдары саны күрт төмендегені соншалық, Қазақстанның көптеген аймағында жойылып кету қаупі төнді.


Таралуы:
Еуразияның орманды-ормансыз далалары мен шөлді аймақтарында – батыста Дунайдың төменгі сағасынан шығыста үлкен Хинганға дейін кездеседі. Қазақстанда оңтүстіктегі және шығыстағы таулы аудандарда, Бетпақдалада, Қызылқұмда, Маңғыстаудың тау тізбектерінде, Үстірт шыңдарында, Науырзымның шоқ ормандары мен Ертіс бойындағы ормандарда, Торғайдың төменгі сағасында және Батыс Қазақстанда ұялайды.

 Kovács, A.; Williams, N. P.; Galbraith, C.A. 2014. Saker Falcon Falco cherrug Global Action Plan (SakerGAP), including amanagement and monitoring system, to conserve the species. Raptors MOUTechnical Publication No. 2. CMS Technical Series No. 31. Coordinating Unit -CMS Raptors MOU, Abu Dhabi, United Arab Emirates.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)