Бақалтақ бүркіт

ғылыми атауы:
Hieraaetus pennatus
тұқымдасы:
Сұңқартектестер
ҚР Қызыл кітабына енген бе:
Иә

Саны: Қазақстанда нақты саны туралы мәлімет жоқ. Әлемдік популяциясы тұрақты, жыныстық жағынан жетілген 150-195 мың дарақ шамасында деп есептеледі.

 Санаты: III санат. Аз зерттелген сирек құс.

 Таралуы. Қазақстанда елдің оңтүстігі мен шығыс-оңтүстігіндегі орманды тауларда, Сырдария, Іле, Шелек, Шарын, Қаратал өзендерінің алабындағы тоғайларды мекендейді.  70-жылдары Қарқаралы тауларында, 80-90 жылдары оңтүстік-батыс Алтайда, Зайсан қазаншұңқырында, Маңырақта және Тарбағатайда ұя салғаны байқалды. Үндістан мен Африкада қыстайды.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)