Жұртшы

ғылыми атауы:
Neophron percnopterus
тұқымдасы:
Қаршығатектестер
ҚР Қызыл кітабына енген бе:
Иә

Саны: Қазақстандағы саны 348–639 жұп төңірегінде  болжанады. Әлем бойынша 12,4–36 мың аралығында жыныстық жағынан жетілген  дарақ бар деп есептеледі.

Санаты. III санат. Саны қысқарып жатқан сирек түр

Таралуы. Африка, Оңтүстік Еуропа, Арабия,  Кіші Азия, Иран, Ауғанстан, Үндістан, Орта Азия таулары. Қазақстанда Тянь-Шань,  Жетісу Алатауы сілемдерінде, Үстірт пен Маңғыстаудың құздарында мекендеп,  солтүстікке қарай 46° солтүстік ендікке дейін барады. Үндістан мен Африкада  қыстайды.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)