Қара сайрақ

ғылыми атауы:
Turdus merula
тұқымдасы:
Сайрақтектестер
ҚР Қызыл кітабына енген бе:
Жоқ

Саны: Қазақстандағы қара сайрақтың саны туралы нақты деректер жоқ. Алайда, Алматыда соңғы онжылдықтарда олардың саны айтарлықтай өскені байқалады. Еуропада ұя салатын қара сайрақ саны 54-87 миллион жұп шамасында деп есептеледі.


Санаты:
Шаруашылық (аңшылық пен балықшылықтан басқа) мақсатқа пайдаланылатын түр.


Таралуы.  
Қазақстанда Тянь-Шань мен Жетісу Алатауында, сондай-ақ Шығыс Қазақстанның бірқатар жерінде ұя салады. Ұшып өту кезінде кейде республиканың батыс аймақтарында кездеседі. Қара сайрақ Қазақстанның оңтүстігінде отырықшы тіршілік етеді, ал Алтайда – ұя салатын жыл құсы. Елдің басқау өңірлерінде әдепкі немесе ұшып өтетін сирек құс санатында.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)