Жамансары

ғылыми атауы:
Buteo buteo
тұқымдасы:
Қаршығатектестер
ҚР Қызыл кітабына енген бе:
Жоқ

Саны: Кең таралған түр. Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 1270-ке жуық жамансары ұя салады. Әлемде шамамен 2-3,4 миллион ересек дарағы бар деп есептеледі, бірақ бұл мәліметтер нақтылауды қажет етеді.


Санаты.  
Шаруашылық (аңшылық пен балықшылықтан басқа) мақсатқа пайдаланылатын түр.


Таралуы.  
Жайықтың орта ағысы алқабында, Солтүстік Қазақстанда, Көкшетау тауларында, Сарыарқаның ұсақ шоқыларындағы ормандарда, Қалбада, Оңтүстік-Батыс Алтайда және Қара Ертісте ұя салады. Кейде Науырзым борында кездеседі. Миграция кезеңінде барлық жерде кездеседі. Жайылмалы ормандарды, сондай-ақ маңайында ашық дала учаскелері бар ормандар мен таулы жердегі қылқан жапырақты ормандарды мекен етеді.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)