Қутұмсық (Қытай қазы)

ғылыми атауы:
Anser cygnoides
тұқымдасы:
Үйректектестер
ҚР Қызыл кітабына енген бе:
Иә

Саны: Шығыс Қазақстанда 100 жыл бұрын салыстырмалы түрде жиі кездескен болса, кейінгі 15 жылда екі рет қана көзге түскен. Әлемдегі жалпы саны 54 400 дарақ (Damba и др., 2020). Ересек дарақтарының үлес саны белгісіз, бірақ жалпы саны шамамен 36 000—43500 аралығында деп есептеледі.

 

Санаты. 1 санат. Жойылып кетудің алдында тұрған сирек түр

Таралуы. ХХ ғасыр басында Қазақстан шекарасындағы Укөк қолатында, Қара Ертіс атырабында, Ертістің Зайсан көлінен төменгі бөлігінде, Семейден 25 км жоғары және Оңүстік Алтайдың Марқакөл көлінде ұя басатын. ХХ ғасырдың ортасына дейін жылы жаққа ұшқанда, тіпті қыста да Іле алабында, Сырдария мен Әмудария арасында жиі ұшырасатын: мұнда соңғы рет 1962 жылдың қазан айында көрінген.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)

Басқаларын да қарап көріңіз