Саны: Қазақстнда әдепкі түр, кей жерлерде сирек кездеседі. Әлемдегі популяция саны 600 мыңға жуық деп есептеледі. Еуропада соңғы 13 жылда саны 30-49%-ға азайған. Ресейде 100–100 000 аралығында ұя басатын жұп және 50-10 000 қоныс аударатын дарағы бар деп болжанады. Басқа аймақтардағы популяция тенденциялары белгісіз.
Санаты. Шаруашылық мақсатқа пайдаланылмайтын, бірақ экологиялық, мәдени маңызы бар түр.
Таралуы. Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында – Павлодар, Семей, Қарағанды, Қызылордаға дейінгі су айдындарында, Оралдың орта тұсында, сондай-ақ төменгі сағасында ұя салуы мүмкін. Тентек пен Алакөлдің батыс жағалауында жиі кездеседі. Көші-қон кезеңінде барлық жерде – жазықта да, тауда да ұшырасады.