Саны: Каспий-Арал өңірінде кемінде 50-60 жұп ұя салады деген болжам бар. Бұл төмендетілген болжам болуы мүмкін, өйткені арнайы санақ жүргізілмеген. Еуропадағы популяциясы 312-512 мың жұпқа төңірегінде деп болжанады.
Санаты: Шаруашылық (аңшылық пен балықшылықтан басқа) мақсатқа пайдаланылатын түр.
Таралуы. Қазақстанда Еділ-Жайық аралығы, Маңғыстау, Үстірт және Орталық Қазақстанның көп бөлігіндегідей ормансыз аумақтардан басқа барлық жерде дерлік ұя салады және ұшып өтеді. Шортанды ауданында және Сарыөзек маңында балапандары көзге түскен. Атырауда, Ертіс жайылмасында, Шу және Іле өзендерінің аңғарларында және Алматыда (ботаникалық бақ) қыстайды.