Кермарал (Тоғай бұғысы)

ғылыми атауы:
Cervus elaphus bactrianus
тұқымдасы:
Бұғылар
қр қызыл кітабына енген БЕ:
Иә

Саны: Қазақстандағы жалпы саны шамамен 1140 бас.
Мәртебесі.
Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төніп тұр. I санат. Жойылып бара жатқан түрлер қатарында.
Таралуы.
Қазақстанда ХХ ғасырдың ортасына дейін Сырдария өзенінің төменгі және ортаңғы бөлігінде тіршілік еткен. Мұндағы соңғы кермарал 1956 жылы өлтірілген. Дәл осы түрше Іле өзені алабын мекендеген болуы мүмкін. Кермарал 1981 жылы Іле өзенінің орта тұсының сол жағалауындағы "Қарашеңгел" мемлекеттік аңшылық шаруашылығында жерсіндірілді. Қазіргі уақытта осы түрді Сырдария өзені алабында  қайта жерсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақында "Іле-Балқаш" табиғи резерваты аумағына кермаралдар жіберілді.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)

Басқаларын да қарап көріңіз