Түрікмен құланы

ғылыми атауы:
Equus hemionus onager
тұқымдасы:
Жылқытектестер
қр қызыл кітабына енген БЕ:
Иә

Саны: 2023 жылғы жағдай бойынша Қазақстандағы құланның жалпы саны 4 мыңнан асады.
Мәртебесі.
Жойылып кету қаупі төніп тұрған сирек түр. II санат.

Халықаралық аспектіде құлан саны жаһандық тұрғыда азайып жатқан түрлердің қатарында.
Таралуы.
Құлан біздің республикамызда ХХ ғасырдың басында жойылып кетті. 1953 жылы Барсакелмес аралына (Арал теңізі) 8 түрікмен құланы жерсіндірілді. Мұнда олар жақсы бейімделіп, көбейді. Реинтродукцияны жалғастыру үшін "Алтын Емел" мемлекеттік ұлттық паркінің аумағы таңдалып, 1982-1983 жылдары "Барсакелмес" мемлекеттік қорығынан 27 құлан әкелінді. Үшінші кезеңде құландарды Андасай мемлекеттік табиғи қаумалына (Жамбыл облысы) көшіру басталды,. Бұл жаққа 120-ға жуық бас жіберілді.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)