Тарпаң (Пржевальский жылқысы)

ғылыми атауы:
Equus przewalskii caballus
тұқымдасы:
Жылқытектестер
қр қызыл кітабына енген БЕ:
Иә

Саны: 2003-2007 жылдары "Алтын Емел" ұлттық паркіне Германияның хайуанаттар бағынан 14 жылқы әкелінді. 2024 жылы  Чехия мен Германияның хайуанаттар бағынан әкелінген 7 жылқы Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарының аумағындағы «Әліби» реинтродукция орталығына жіберілді. Бұл түрдің әлемдегі жалпы саны 1500 ғана.


Мәртебесі.
Сирек кездеседі, жойылып кету қаупі төніп тұр.  I санат: жойылып барады.


Таралуы.  
Тарпаң – жусанды-селеулі даланың жануары. Алғаш Орталық Жоңғарияны (Батыс Қытай) мекендейтін түр ретінде сипатталған. Ал негізінде оның ежелгі тіршілік мекені Еділдің шығысынан Тянь-Шань мен Моңғол Алтайының етегіне дейін созылып, Байкал маңын қоса алғанда, Азияның ұлан-ғайыр даласын қамтыған.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)