Саны: ХХ ғасырдың ортасында Қазақстанда 200 мыңға жуық қарақұйрық болған, қазіргі саны 15 мыңға жуық.
Мәртебесі. Сирек кездеседі, жойылып кету қаупі төніп тұр. III санат. Саны азайып бара жатқан түр.
Таралуы. ХХ ғасырдың ортасына дейін Қазақстанның іс жүзінде барлық шөлейттері мен шөлдерінде тіршілік етті. Каспий теңізінен Іле өзеніне дейінгі аумақты тұтас жайлады. Солтүстік шекарасы 47-ші параллель бойымен өтсе, қазіргі кезде ол таралу аймағының басым бөлігінде оңтүстікке қарай көп қысқарып қалды. Оқшауланып қалған Тауқұм, Мойынқұм, Қызылқұм, Үстірт-Маңғыстау және Іле популяциялары пайда болды. Таралу аймағы біртұтас сипатынан айырылды. Бүгінгі таңда қарақұйрықтар Алакөл, Зайсан қазаншұңқырында, Бетпақдаланың солтүстігінде кездеспейді.