Саны: 2015-2023 жылдары Алакөл көлінде ұя салатын қарабас өгізшағаланың саны әр жылы әртүрлі болған. Мысалы 2015 жылы 1500 жұп, 2016 жылы 5005 жұпқа дейін жетсе, 2023 жылы 3506 жұп ұя салған. Бұл түрдің әлемдегі популяция саны 0,125-1,1 миллион дарақ шамасында деп болжанады.
Санаты. II санат. Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төніп тұрған түр. Саны тез азаятындығымен ерекшеленеді.
Таралуы. Қазақстандағы ең көп үйірі Каспий теңізі аралдарында кездеседі. Балқаш, Алакөл көлдерінде, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарындағы сорлар мен Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі аралдарда ұя салады.