Тазқара

ғылыми атауы:
Aegypius monachus
тұқымдасы:
Қаршығатектестер
ҚР Қызыл кітабына енген бе:
Иә

Саны: Қазақстандағы саны 20 жылдан астам уақыт бұрын 250 жұп немесе одан аз деп есептелген. Қазіргі кезде нақты саны туралы мәлімет жеткіліксіз. Әлемде түрдің саны 8,4-11,4 мың жұп төңірегінде, бұл  16,8-22,8 мың ересек дараққа тең. Азияда 5,5-8 мың жұп ұя салуы мүмкін.


Санаты.
II-санат. Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төніп тұр. Саны азайып келе жатқан осал түрге жатады.


Таралуы:
Қазақстанда  Тянь-Шань, Шу-Іле таулары, Қаратау және Жетісу Алатауын қоса алғанда, оңтүстігінде Қазғұрт пен Қаратаудан солтүстігінде Алтайға дейінгі таулы аудандарда ұя салады.  Үстірт қорығы мен Бұйратау ұлттық паркінде ұя салатын орындары белгілі. Қазақстан аумағында көшіп-қонатын құс. Қоныс аудару кезінде Науырзым, Теңіз-Қорғалжын ойпатында, Павлодар-Ертіс өңірінде, Алтайда, Тарбағатайда және басқа да аудандарда кеңінен кездеседі. Қыста сирек кездеседі: Өскеменде, Теріскей Алатауда, Алматы-Бақанас жолында және Шардара су қоймасында көзге түскен.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)