Сұңқылдақ аққу

ғылыми атауы:
Cygnus cygnus
тұқымдасы:
Үйректектестер
ҚР Қызыл кітабына енген бе:
Иә

Саны: Ұя басатын жұп саны 1 мыңнан аз деп болжанады. Қазақстан арқылы миграция жасайтын популяциясы 20 мың дарақ төңірегінде, азаю үдерісі бар. Жазғы маусымда Қорғалжын мен Науырзым көлдерінде 2 мыңға жуық құс жиналады. Қыстайтындарының саны 100-200 дарақ шамасында. Әлемдік популяциясы 180000-нан асады. (Wetlands International, 2015).

Санаты. II санат. Саны азайып жатқан түр

Таралуы. Қазақстанда барлық географиялық аумақта ірі тұщы немесе ащылау суқоймаларын мекендейді. Ұя басатын жерлерінде сирек кездеседі. Елімізде Каспийдің шығыс жағалауында, Ақтау қаласы маңындағы Қаракөл көлінде және Алматы маңындағы Сорбұлақ қалдықсу көлінде  тұрақты түрде қыстайды.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)